Попечительский совет

№ 17орта мектептің «Қамқоршылық кеңес» отырысының ХАТТАМАСЫ №1

Өтілген күні: 25.10.17 ж.

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

 

1  «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру

2  «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау

Тыңдалды:

1-мәселе

а) Сөйледі:

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Нуржанова Л.С сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі « Білім туралы» 44 бабының 9 тармағына сәйкес және Қазақстан РеспубликасыБілім және  ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және  оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығын және «Ақтау қалалық білім бөлімі»ММ –нің 02.10.2017 жылғы №1125 бұйрығымен  таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.

  • Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
  • Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру
  • Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
  • Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
  • Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
  • Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

Тыңдалды: 2-мәселе

ә) Сөйледі:

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төраға Абдуллаев Ж.Ж Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.

 

  • Усеева Айгүл                             кеңестің мүшесі
  • Нурманов Батырбек                 кеңестің мүшесі
  • Абдуллаев Жеткізген   кеңестің  төрағасы
  • Жарасова Гүлнар             кеңестің мүшесі
  • Рабаева Айман                кеңестің мүшесі
  • Бердігалина Мадина     кеңестің мүшесі
  • Кыдырхан Жадыра                  кеңестің мүшесі
  • Есетова Алтынай           кеңестің мүшесі
  • Телеубаева Анара                   кеңестің мүшесі

 

Шешімі:

  • 1.  Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес №17 атындағы орта мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
  • 2.Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Абдуллаев Ж.Ж

Хатшы: Кадырхан Ж.

 

"№ 17 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бойынша Қамқоршылық кеңесі жиналысы

Хаттама №2

Қатысқандар : мектеп ұжымы, қамқоршылық кеңес мүшелері

Өткен күні 13.01.2018ж

Күн тәртібінде:

1. І жарты жылдықта  атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды

Мектеп директоры Л.С.Нуржанова

2. Мектепке бюджеттен тыс демеушілерден түскен көмек туралы мәлімдеме

Кеңес төрағасы Абдуллаев Ж.Ж

1. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша мектеп директоры Л.С.Нуржанова  2017-18 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектепте атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді. Мектептің білім сапасы, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде болған сайыс-байқауларға қатысқан ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері, спорттық сайыстарға мектептің қатысуы мен нәтижесі, жұмысқа орналасуы, мектеп бойынша жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы кеңінен баяндалды.

2. Мектептің әлеуметтік педагогі Г.Ж  Асановамен қамқоршылық кеңес төрағасы Абдуллаев Ж.Ж бірлесе отырып   "Мектепке жол" акциясы аясында мектептің 45 азқамтылған  оқушылары мен толық емес отбасы, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған,әл-ауқаты төмен мұқтаж отбасылары балаларына  650000 теңгеге ЖК "Ельшибекова " мен НКОК компаниясының көмегімен рюкзак ,концилярлық товарлар ,1 сыныптың 5 оқушысына киім-кешек алынды.

3. Қаңтар -ақпан айларында өткен "Қамқорлық" дәстүрлі жалпықайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты көпбалалы,  жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған,әл-ауқаты төмен мұқтаж отбасыларына көмек көрсету мақсатында АҚ "Маңғыстаумұнайгаз",АҚ "Казтрансойл",ЖК " Қырықбай"Арзан сауда үйі,ЖК  "Ельшибекова", ЖСШ "Ақтау-Тазалық", ЖК "Кунабаева"сияқты мекемелерге көмек көрсету туралы хат жолданды.Акция аясында ЖК  "Ельшибекова", ЖСШ "Ақтау-Тазалық", ЖК "Кунабаева" тарапынан 25 балаға 247000 көлемінде сомаға күртеше, етік, рюкзак сыйға берілді.

Шешім

1. Мектептің жыл көлемінде атқарған жұмысы жақсы деп бағалансын.

2. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес № 17 орта мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.

3. Осы оқу жылының ІІ жартыжылдығында өткізуге болатын тақырыптарды мектептің оқу-тәрбие жоспарына енгізу ұсынылсын.

 

Попечительский совет