Мектеп жаңалықтары

Ауған ақиқаты

« Ауған ақиқаты»

« Ауған ақиқаты»  атты Ауған сағысының   аяқталғанына 29 жыл толуына орай мектебімізде   Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу және 9,10,11 сыныптар арасында әскери және спорттық  жарыс  ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат: Ауған соғысының  тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Мектебімізден 6 команда қатысты олар мылтықты жинау мен шашу, арқан тартыс,  респиратор киіп шешу, граната лақтыру,  қысқа қашықтыққа жүгіру бойынша жарысты. Жарысты қорытындылай келе 10 «Г» 1 орын, 11 «Б» 2 орын, 9 «В» 3 орынға ие болды. Орын алған командаларға Ауған соғысы ардагерлері диплом мен  тиесілі  ( приписной)  куәліктерін тапсырды.  Жарыс соңында  Ауған ардагерлерімен естелік суретке түсті.                                                                                      Елбасымыз  Н. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында мыңдаған өмір қиылды, мыңдаған ата- ана баласынан, бауырынан, туысынан айырылды. Бәрі- бір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді.  Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген  ойлы сөзі бар.

1978 жылы  Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет  елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің  қатысуымен де ұзаққа созылды. Бейбіт өмірде  Отан алдындағы  борышын өтеп жүрген  өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттынды.  Олар соғыстың мән – жайын, ұғар –ұқпастан  кете барды.

XX

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"17 жалпы білім беру орта мектебі "КММ үштілділікке өтуге дайындық үстінде

"17 жалпы білім беру орта мектебі "КММ үштілділікке өтуге дайындық үстінде. Мектеп басшысының жетекшілігімен келесі оқу жылының жобасы жасақталынды. Мектеп жобасына келесі оқу жылынан бастап барлық пәндерді үш тілде өткізу енгізілді. Қазіргі таңда мектебіміздің ішінде ата-аналардың келісімімен 400 оқушымыз "Аврора"оқу орталығының ұстаздарынан ағылшын тілін үйренуде.Сонымен бірге,шəкірттерімізбен қатар, мұғалімдерімізге жоғары деңгейде ағылшын тілін үйрету қолға алынды.Осы мақсатта, 10 ақпан күні мектебіміздің мұғалімдерімен "Аврора "оқу орталығы кездесу өткізді. Нәтижесінде, ортақ пікірге келе отырып, дүйсенбіден бастап "Аврора"оқу орталығы ұстазарымыздан сынақ алып, ағылшын тілін үйретуді бастайды."Аврора "оқу орталығының директоры қазір АҚШ мемлекетінде жаңа əдіс-тəсілдер меңгеруде. Пəн мұғалімдеріміздің тілді үйренуге 100% мүмкіндіктері бар


 

Жолдау – 2018: білім – басты бағдар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Соның бірі білім саласы. Әсіресе,  мұғалім мәртебесіне  көп көңіл бөлінгенін қуана қабылдады. Бұл көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе – тін. Өйткені мұғалім еңбекақысының аздығы бұл салаға білікті мамандардың келуі аз еді. Елбасы осы орайды жыл басынан бастап 30 пайызға көтерілетін мұғалім еңбекақысын қосымша мұғалім біліктілігін екшеуді тапсырып отыр. Яғни, жаңа категориялық кестеге сәйкес, мұғалімдер ұлттық біліктілік тестінен өтеді. Осы арқылы, біліктілігінің расталуына байланысты ұстаздар еңбекақысы 50 пайызға дейін өспек. Бұл  Президент айтқандай, мұғалім қауымын ұдайы өзін – өзі жетілдіруге ынталандыратын бірден – бір көмек. Осыған орай 13 қаңтар   мектеп ұжымы боп Елбасының халыққа жолдауын  талқылау жиналысы болды.  Жиналыста  тарих пәні мұғалімі Мұхтарова Қаламқас  Жолдаудағы 10 нақты бағытқа тоқталса, Сәрсенбаева Әлия  Жолдау – мәні  мен маңызы жағынан, тың  геоэкономикалық, геоөркениеттік жағдайлардың іс – қимыл бағдарламасы деп қорытындылады


 

Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы!

Киелі атамекенімізге көз алартқан  жау халқымыздың басынан « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманын орнатып, «Елім -айлатып» еңіретіп, етегін жасқа толтырған,  Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері тарих қойнауына сіңіп, аластап бара жатса да еске түскенде жүрек сыздататындығы рас. Көтеріліс аяусыз басып – шаншылды. Бүкіл халыққа « ұлтшыл» деген айып тағылып, сенімсіздік көрсетілді. Бірақ желтоқсанда алаңға шығарған, ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген ұлт – азаттық идея рухы жығылмады. Желтоқсан – бабаларымыз бастаған ұлт – азаттық көтерілістерінің заңды жалғасы болып табылды.

Тәуелсіздік! Ұлт үшін, халық үшін бұдан асқан құндылық болмас. Тәуелсіз, дербес өмір сүру- әр елдің арманы. Біз, Қазақ елі, осы асыл мұрат – мақсатымызға осыдан жиырма алты жыл бұрын жеттік. Қазіргі таңда ұзақ жылдар аңсап, күткен Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында іс – қимыл танытудамыз. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан дүниежүзіне танымал елге айналды. Осының бәрі Тәуелсіздігіміздің, Елбасының сындарлы саясатының жемісі. Тәуелсіздік туы қолымызда берік тұрған жағдайда біз алмайтын асу, біз жеңбейтін қиындық болмайтыны анық.

Желтоқсан  қаһармандарын еске алу мақсатында « Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.  Алғашқы сөз кезегін директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Асанова Гүлмира ашып, желтоқсаншылар халқымыздың басын түскен сол бір ауыр да сын сағаттар туралы әңгіме шертіп, бірқатар тарихи – танымдық тұрғыдан ақпараттар мен мағлұматтар беріп өтті. Содан кейін сөз тізгінін қолына алған оқушылар бірінен соң бірі сахна төріне шығып, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік жайлы өлеңдерін толғана оқи жөнелді. 11 «А» сынып оқушылары « Желтоқсан желі»  өлеңін хормен орындаса, 8 «А» сынып оқушылары  сол бір қаһарлы күн туралы сахналық көрініс көрсеткенде көрермендерден күңіренген жан қалмады. Кеш баршаның сүйіктісіне айналған « Атамекен» әнімен аяқталды.

Ұстаздар қауымы оқу үдірісінде кешегі күннің ызғарлы оқиғасын оқушылардың санасына сіңіріп, бұл күнге қалай қол жеткізгендігіміз туралы айтудан жалықпаймыз


 

Өнерлінің өрісі кең

« Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра » деп бекер айтылмаса керек. Өйткені төрінен орын беріп, іліп қоятын қара домбыра халқымыз үшін қашанда қасиетті саналған. Ал қос ішекті күмбірлетіп, қуанышы мен қайғысын, мінезі мен тектілігін, бар болмысы мен жан дүниесін көрсете отырып, төгілте шертіп салатын күйді ата – бабамыз әрдайым ұрпағына мұра етіп қалдырған.  Қазақ десе домбыры, домбыра десе қазақ, ал күй десе қазақ та, домбыра да еске түседі. Шынымен- ақ қазақ пен күй деген сөз – бір ұғым. Өйткені, күй қазақтың ішкі жан дүниесінің, арман – мүддесінің, болмысының сыры.Үні. Дауысы. Күй – мыңдаған ұлт, ұлыстардың ішінде тек қазаққа ғана тән өнер, қасиет. Қазақ халқы атадан балаға жеткен күй өнерін көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынаға айналдырды. Бұл мұра  ғасырдан ғасырға  іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен. Халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған асыл қазынасы. Ал бүгінгі ұрпақтың  сол байлықты, асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап қана қоймай, бойына сіңіруді қуантады. Соның бірі  мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Төребек Бейбіт Алматыда өткен  Республикалық Фестиваль- конкурс « Қысқы ертегі Алматы - 2018 » байқауының  бас жүлдесін жеңіп алды. Осындай жастайынан қара домбырыны серік еткен өскелең ұрпақтарға « Өнерің өрге жүзсін демекпіз»


 

Бет 2 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>