Мектеп жаңалықтары

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан мектепішілік шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және 28 ші Дүниежүзілік қысқы Универсиядаға арналып № 17 орта мектепте 22 қазан күні мектепшілік таңертеңгі жаттығу және волейболдан мектепшілік оқушылар мен мұғалімдер арасында жарыс өтті.


 

Хаттама № 1

№ 17 орта мектеп 10- 11 сынып оқушылары   жиналысы                                                         12.10.2016

Күн тәртібінде:

1. Жоғары сынып оқушыларының түнгі сағат 23.00 –ден кейін ата-анасыз көшеде жүруі

2. Оқушыларға қылмыстың алдын алу  туралы профилактикалық әңгіме жүргізу

1) Бірінші мәселе бойынша мектеп акт.залында жоғары сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге  Ақтау қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция капитаны Рахаев Н.А.,Ақтау қаласы ІІБ   ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Дуйсенбеков Қ.С., Ақтау қаласы ІІБ   ЖПҚ УПИ полиция майоры Жолдасов Е. , Ақтау қаласы ІІБ   ЖПҚ  ЮПБ УПИ полиция капитаны Кожбанов Н.Б. ,  Білім бөлімінің орынбасары Искалиева А.Т.  және мектеп инспекторы  Ахметова А.Г –мен кездесті. Кездесу кезінде полиция капитаны Рахаев Н.А.және Білім бөлімінің орынбасары Искалиева А.Т.  оқушыларға 11.10.2016 жылы 29 ш/а № 30 үйдің алдында түнгі мезгілде орын алған қылмыстық оқиға туралы профилактикалық әңгіме жүргізді, яғни 29 шағын ауданда жоғарғы сынып оқушылары топтасып төбелесіп ,нәтижесінде № 28 орта мектептің 11 сынып оқушысы пышақталып , Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне түскені туралы айтылды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде екені туралы айтып өтті.

2) Екінші мәселе бойынша №17 орта мектептің оқушылары түнгі сағат 22.00 –ден кейін баспанадан тыс жерде заңды өкілінсіз  жүруге болмайтыны ескертілді.  Яғни ҚР –ның ӘҚБТК –нің  442 бабының 2 –ші бөлігі бойынша ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны  туралы айтылды.

Қаулы етілсін:

1) 10 - 11 сынып оқушылары  сынып  жетекшілерімен  тығыз байланыста болсын.

2) Түнгі мезгілде сағат 22.00-ден кейін заңды тұлғасыз  жүруге тыйым салынсын.

Төрайым:                                           Нуржанова Л.С.

 

Хатшы:                                               Жарылғасынова Б.


 

Хаттама № 2

Ата-аналар жиналысы                                                         12.10.2016

Күн тәртібінде:

1. Түнгі мезгілде оқушылардың ата-анасыз баспанадан тыс жерде жүрмеуі

2. Ата-аналардың өз балаларына жауаптылығы туралы

1) Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Ахметова А.Г . жиналған ата-аналарға балалардың түнгі уақытта баспанадан тыс жерде заңды өкілінсіз жүруге болмайтыны туралы ескертіп , жасөспірімдер түнгі уақытта қай жерде ұсталса да ,ата-аналар жауапқа тартылатыны туралы айтылды.Түнгі уақытта балаларының ойын –сауық орталықтарында, компьютерлік клубтарда, түнгі клубтарда , кешкі кезде болатын концерттерде ата-анасынсыз жүруге болмайтындары туралы ескертілді.

2) Екінші мәселе бойынша қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюде. Осыған байланысты Ақтау қаласының ІІБ полиция қызметкерлері рейд жүргізуде.Рейдтің мақсаты қазіргі кездегі жасөспірімдер арасында ортақ тіл таба алмай , бір –біріне жұдырық жұмсап, пышақтасуға дейін баруын болдырмау , сонымен қатар жасөпірімдердің жасаған қылмыстары үшін заңды өкілі, яғни ата-анасы жауапқа тартылатыны туралы ескертілді.

Қаулы етілсін:

1) Сынып жетекшілері 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен тығыз байланыста болсын.

2) Түнгі уақытта сағат 22.00-ден кейін баспанадан тыс жерде жүрмесін.

Төрайым:                                           Нуржанова Л.С.

 

Хатшы:                                               Жарылғасынова Б.

 

«Ұстаздар күні» мерекесі

01.10.2016ж.мектеп акт залында «Ұстаздар күні» мерекесін арнап оқушылар концерттік кеш өткізді. Бұл мерекелік кешке барлық мұғалімдер шақырылып, оқушылардың атынан мерекелік ашық хаттарын таратты. Меркелік кешке «Ақ бөбек» шағын орталық тәрбиеленушілерінен бастап 11 сынып оқушыларына дейін өз өнерлерін көрсетті. Кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын оқып, күй шертті. Ұстаздарына арнап «Отбасылық үлгідегі балалар үйі» тәрбиеленушілері де би билеп, өлең шумақтарын оқып өнерлерін көрсетті.

 

Мектеп директоры жетістіктері бар бірқатар ұстаздарды марапаттады. Мерекелік іс-шара өз деңгейінде өтті.







 

Қазақсатан тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып өткен концерттік бағдарлама

Кеш «Үш тұғырлы тіл»деген атпен белгілі болды. Концерт сахна сыртындағы монологпен басталды. Тіл өзінің басынан кешкендерін айтып,сөз соңында мемлекеттік тіл мәртебесін алғанын айтып өтеді.Кештің жүргізушілері үш тілде жүргізді. Қазақ тілінде Уринбай Ханзада, орыс тілінде  Газизов Саламат, ағылшын тілінде Төлегенова Лаура қызықтыра түсті. Оқушылар тіл мерекесіне орай әр ұлттың тілінде өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Бейнеролик көрсетілді.Сонымен қоса әндер орындап,мың бұрала билеген қыздар да аз болмады. Қазақ биі, орыс билерін паш етті.Өзге ұлт өкілдері де белсене ат салысты. Қос ішектің құдіретімен төгілген күйде шертілді.


 

Бет 10 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>