Мектеп жаңалықтары

20.02.2017. «Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасын өткізудің мектепішілік іс-шаралар ақпарламасы

20.02.2017ж.бастап «Құстар-біздің досымыз» атты құстарға арналған үйшіктер жасау іс-шарасы өткізілді. Шараға 5-7 сынып оқушылары қатысты.«Құстар-біздің досымыз» атты құстарға арналған үйшіктер жасау іс-шарасы технология пәні бірлестігі мұғалімдерімен өткізілді.Шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т қатысты.Оқушылар өздерінің еңбекке деген қызығушылықтарын,талпыныстарын көрсете білді.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

01.02.-07.02.2017. «Нашақорлық пен маскүнемдік дертінен аулақ бол!» суреттер байқауы ақпарламасы

01.02.-07.02.2017ж аралығында «Нашақорлық пен маскүнемдік дертінен аулақ бол!» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысты.«Нашақорлық пен маскүнемдік дертінен аулақ бол!» атты суреттер байқауы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т және де технология пәні пәні бірлестігі мұғалімдері ұйымдастыруымен өткізілді.Оқушылар өз қиялынан туындаған, өздерінің сурет салуға деген ерекше қызығушылықтарын көрсете білді. Жақсы салынған суреттерге I,II,III орындар және де алғыс хаттар беріліп, оқушылардың жұмыстары марапатталды.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

30.01.2017. «Ғылыми жобалар сайысы» ақпарламасы

30.01.2017ж.«Ғылыми жобалар сайысы» өткізілді. Ғылыми жобалар сайысына 5-11 сынып оқушылары қатысып, өз жобаларын қорғады. Ғылыми жобалар сайысыбиология және химия пәні бірлестігі мұғалімдері ұйымдастыруымен өткізілді. «Жас зерттеуші» ғылыми практикалық сайысына оқушылар биология, география, химия,әдебиет, физика пәні бағыттары бойынша қатысты. 11 А сынып оқушысы Асанова Азиза «Жантақ шөбінің емдік қасиеттері» атты жобасын қорғады.Сағытай Сымбат 8 б сынып оқушысы «Балшықтың емдік қасиеттері», Сәлімгерей Әділет 8 а сынып оқушысы «Әбіш шығармасындағы жер-су аттары» атты тақырыптағы өз жобаларын қорғады. Конференция соңында өз жұмысын жақсы қорғаған оқушылар марапатталды.Жетекшілері де марапатталды. Ғылыми жобалар сайысының орындалысы жайында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т өз бағасын берді.Оқушылар мақсаттарына жетіп,өз білімдерін шыңдай түсті.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

«Шырша-2017» мерекелік шарасының ақпарламасы

23.12.2016ж. сағат 10.00-11.00 аралығында 0а,б,в,г сыныптар арасында «Шырша-2017» мерекелік шарасы өткізілді.26.12.2016ж. сағат 10.00-17.00 аралығында 1-4 сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты мерекелік шара өткізілді.27.12.2016ж. сағат 15.00-17.00 аралығында 5-8 сыныптар арасында«Жаңа Жыл-2017» мерекелік шарасы өткізілді. 30.12.2016ж. сағат 15.00-17.00 аралығында 9-11 сыныптар арасында «Шырша-2017» мерекелік шарасы өткізілді.«Шырша-2017» мерекелік шарасына мектеп басшысы Нуржанова Люция Сабитқызы, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Зейнеп Таңғалиқызы және де сынып жетекшілер қатысты. Түрлі Жаңа жылдық ойындар ұйымдастырылып, мерекелік кеш өтекөңілді өткізілді. Жаңа Жылдық мерекелік шараның қауіпсіздігін мектеп инспекторы Аида Ахметова қадағалады.

Орындаған: Жолдыбаева З.Т.

Бастауыш сыныптар шыршасы

Жоғарғы сыныптар шыршасы

 

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараның ақпарламасы

15.12.2016ж. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өткізілді. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шарасына 5-11 сыныптар қатысты. Тәуелсіздік күніне орайәр сынып ән,би,күй,тарихи көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Шағын видеороликтер көрсетілді. Мектеп басшысы Нуржанова Люция Сабитқызы сөз сөйлеп,балаларды тәуелсіздік күнімен құттықтады.Мерекелік шараға сынып жетекшілер қатысты. Оқушылардың Отанға,елге,жерге деген патриоттық сезімдері оянып,зор ықыласпен мерекелік шараға қатысты.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

Бет 8 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>