Мектеп жаңалықтары

Ақпарлама

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының № 01-32/3497 хатына сай,бағдарлама негізінде №17 орта мектепте «Адал ұрпақ» ұйымы ашылды. Жоспарға сай «Адал ұрпақ» ұйымының бұйрығы шығарылып, жоспары бекітілді. Сонымен бірге ұйымның мүшелері қабылданды және стендке тапсырыс берілді,стенд жасақталды.Жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және отбасы рөлі туралы ата-аналар жиналысы өткізіліп, жемқорлықпен күреске байланысты бейнероликтер көрсетілді. 9-11 сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп» тақырыбында пікірталас өткізілді.
15.02.2017ж. «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 7-8 сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, мектеп психологтары  және  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.Оқушылар өз ойларын ашық айтып, нақты дәлелдерімен пікір таластырды.Мектеп психологтары Убайдуллаева М. және Алдабергенова А. оқушылардын

 

01.03.2017. «1 наурыз-алғыс айту» іс шарасы ақпарламасы

01.03.2017ж.бастап «1 наурыз-алғыс айту» атты 1-11 сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Ашық тәрбие сағатына 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т қатысты.Оқушылар «1 наурыз-алғыс айту» мерекесіне орай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,тақпақтар айтып өзара жарысты. Оқушылар сынып жетекшілеріне,пән мұғалімдеріне өз алғыстарын айтып,тілектерін білдірді.«1 наурыз-алғыс айту» мерекесіне орай мектеп акция жүрзілді.Әр сынып оқушылары өз ұстаздарын құттықтауға ниеттерін білдіріп,алғыс хаттарын жәшікке салды.Мектебімізде «1 наурыз-алғыс айту» атты мерекелік шарасы атап өтілді. Оған 1-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

01.03.2017. «1 наурыз-алғыс айту» іс шарасы ақпарламасы

01.03.2017ж.бастап «1 наурыз-алғыс айту» атты 1-11 сынып оқушыларымен мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шараға 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т қатысты.Мерекелік шарағадиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т шараға қатысушыларды, оқушыларды, ұстаздарды құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. Оқушылар «1 наурыз-алғыс айту» мерекесіне орай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,тақпақтар айтып өзара жарысты. Оқушылар сынып жетекшілеріне,пән мұғалімдеріне өз алғыстарын айтып,тілектерін білдірді. Мерекелік шараға 8 а сынып оқушы Төребек Бейбіт өзінің орындауындағы тамаша күйді ұсынды. Сонымен қатар 6 а сынып оқушысы Нұрбаева Гүлден «Ана» туралы әсем ән орындады.7 в сынып оқушылары мың бұралған бишілерімен көрермен көңілінен шықты. Өнерлі оқушыларымыз өздерін жан-жақтан танытып,өз өнерлерін паш етті.«1 наурыз-алғыс айту» мерекесіне орай мектеп акция жүрзілді.Әр сынып оқушылары өз ұстаздарын құттықтауға ниеттерін білдіріп,алғыс хаттарын жәшікке салды.Сонымен қатар мектебіміздің жас маман мұғалімдері де өздерінің жетекші ұстаздарына, әріптестеріне,оқушыларға деген изгі ниет тілектерін, алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

27.02.2017. «Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасын өткізудің мектепішілік іс-шаралар ақпарламасы

27.02.2017ж.бастап «Дружный класс» атты 2 сынып оқушыларымен мектеп психологтары ұйымдастыруымен оқушылар арасында тренинг сабағы жүргізілді.Мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық, қайырымдылық-адамгершілік қасиеттер жайында әңгімелер өрбіді. Оқушылар өз ойын анық жеткізді.Мектеп психологтары оқушыларды тренинг мақсатыментаныстырып өтті. Жаттығу жұмыстарымен таныстырды. Тренинг барысында оқушылардың ойларын талқыға салды. Ақыл-кеңестерін қосты.

Орындаған: Жолдыбаева З.Т.

 

20.02.2017. «Отбасылық өмір этикасы дегенді қалай түсінесің?»дөңгелек үстелақпарламасы

20.02.2017ж.«Отбасылық өмір этикасы дегенді қалай түсінесің?» атты дөңгелек үстелөткізілді.Дөңгелек үстелге10 сынып оқушылары қатысты. «Отбасылық өмір этикасы дегенді қалай түсінесің?» атты дөңгелек үстел директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т және мектеп психологтарыұйымдастыруымен өткізілді. Мектеп психологтары Убайдуллаева М. және Алдабергенова А.оқушылардан қысқаша сауалнама алып,өз ойларын анық та еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Дөңгелек үстелге қатысқан сыныптар өз ойларын анық та нақты жеткізіп, пікір таластырды. Топ белсенділері өз тобын қорғап, өзара жарысты. Отбасылық өмір этикасы жайында жақсы әңгімелер, ақыл-кеңестер айтылды.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.

 

Бет 7 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>