Мектеп жаңалықтары

Ақпарлама

11.04.2017ж  Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер  көрме-байқауы өткізілді. Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауы №17 орта мектепте өткізілді. Көрме байқауға әр мектептен ережеге сәйкес мектепішілік іріктеуден өткен жұмыстар тапсырылды.Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер  көрме-байқауының әділ-қазылар алқасы таныстырылды. Көрме байқауға келесі номинациялар бойынша әр мектептен 7 жұмыс қабылданды: тоқыма дайындау, ағашты,сүйекті көркемдеп өңдеу, шыныны көркемдеп өңдеу, металлды көркемдеп өңдеу, саздан халық ойыншықтарын жасау, ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау, қағаздарын бұйымдар жасау. Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауында II,III орындар алғаны үшін № 17орта мектептің 8,11 сынып оқушылары марапатталды. Барлық қатысқан қатысушыларға I,II,III орындар және де алғыс хаттар беріліп, оқушылардың жұмыстары марапатталды.




 

«Наурыз-жыл басы», «Көрікті көктем» суреттер байқауы ақпарламасы

14.03-20.03.2017ж аралығында «Наурыз-жыл басы», «Көрікті көктем» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысты. «Наурыз-жыл басы», «Көрікті көктем» атты суреттер байқауы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т және де технология пәні пәні бірлестігі мұғалімдері ұйымдастыруымен өткізілді.Оқушылар  өз қиялынан туындаған, өздерінің сурет салуға деген ерекше қызығушылықтарын көрсете білді. Жақсы салынған суреттерге I,II,III орындар және де алғыс хаттар беріліп, оқушылардың жұмыстары марапатталды.



 

«22 наурыз- Ұлыстың Ұлы күні!» мерекелік шара ақпарламасы

17.03.2017ж. «22 наурыз-Ұлыстың Ұлы күні!»  атты 1-11 сынып оқушыларымен мерекелік шарасы  өткізілді. Мерекелік шараға 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т  қатысты. Мерекелік шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т шараға қатысушыларды, оқушыларды, ұстаздарды құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. Оқушылар «22 наурыз- Ұлыстың Ұлы күні!» мерекесі қарсаңында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды..Әрбір сынып оқушылары қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарды насихаттау барысында шағын көріністер көрсетті.Түрлі ұлттық ойындар көрсетілді.Мерекелік шараға 8 а сынып оқушы Төребек Бейбіт өзінің орындауындағы тамаша күйді ұсынды. Сонымен қатар 6 а сынып оқушысы Нұрбаева Гүлден «Наурыз» әнін орындады.7 в сынып оқушылары мың бұралған бишілерімен көрермен көңілінен шықты. Өнерлі оқушыларымыз өздерін жан-жақтан танытып,өз өнерлерін паш етті.



 

«Амал келді,жыл келді» мерекелік шара ақпарламасы

14.03.2017ж «Амал келді,жыл келді» атты 1-11 сынып оқушыларымен мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шараға 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т  қатысты. Мерекелік шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т шараға қатысушыларды, оқушыларды, ұстаздарды келген Амал мерекесімен  құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. «Амал келді,жыл келді» мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымы мен оқушылар төс қағыстырып, қол алысып, көрісіп жатты. Оқушылар «Амал келді,жыл келді» атты мерекелік шарасында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Түрлі қазақтың ұлттық ұлттық ойындары көрсетілді.Мерекелік шараға 9б сынып оқушы Әбіл Ақсауыт өзінің орындауындағы тамаша күйді ұсынды. 6 в сынып оқушылары мың бұралған бишілерімен көрермен көңілінен шықты. Өнерлі оқушыларымыз өздерін жан-жақтан танытып,өз өнерлерін паш етті.





 

«Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасын өткізудің мектепішілік іс-шаралар ақпарламасы

20.02.2017ж.бастап «Мейірімділік-асыл қасиет» атты 1 сынып оқушыларымен мектеп психологтары ұйымдастыруымен оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.Мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық, қайырымдылық-адамгершілік қасиеттер жайында әңгімелер өрбіді. Оқушылар өз ойын анық жеткізді. Мектеп психологтары оқушылардан сауалнама алу арқылы әр баланың психологиялық деңгейін анықтап берді. Ақыл-кеңестерін қосты. Оқушылар «Мейірімділік-асыл қасиет» туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,тақпақтар айтып өзара жарысты.


 

Бет 6 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>