Мектеп жаңалықтары

Тіл - достықтың құралы.

1989 жылы 22 қыркүйекте  « Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Аталған Заңға сәйкес елімізде тіл саясаты жүргізіліп келеді. ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы  Жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі « Қазақстан халқы тілдерінің күні» болып белгіленді.

Қай ұлтта,  қай халықта болмасын тілдің алатын орны ерекше. Тілсіз ұлт, тілсіз халық болмайды. Қазақ халқы да өз тілін, туған тілін мақтаныш етеді. Өйткені біздің тіліміз сөзге бай, көркемдігі келісті.Заманның заңғар жазушысы Мұхтар  Әуезов ұлт тілі жөнінде кезінде былай деген болатын:  « Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұратын қан тамыры сияқты.Егер де қан тамыры жоғалып қалса, жүректе соғуын тоқтатпай ма?!»

 

22 қыркүйек  « Тіл достықтың құралы» атты  мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама аталып өтті. Бұл концертті  мектеп оқушылары мен  мұғалімдер қауымы тамашалады.  Біздің мектебімізде өзге ұлт өкілдері оқиды олар қазақ, орыс,  татар, азербайжан, армиян, украиндар  білім алады.


 

5 күндік оқу аптасын енгізу қалай жүзеге асады?

Оқу жылы басталды. Ата-аналар Білім және ғылым министрлігінің былтырдан бері айтып келе жатқан жаңалық – мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесіне қатысты. « Бұл идея қашан іске асырылмақ?»,  « Оқу жылы қанша күнге ұзаруы мүмкін?» деген сауалдар қойып отыр. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме берді.

Ата-аналар мен оқушыларды каникулдар мерзімінің қысқаруы мүмкін деген ой мазалап отыр. 5 күндік оқу аптасына келер болсақ, оның енгізілуі үшін министрлік тарапынан барлық жағдай жасалды. Бұл тұста ерекше атап өтер жәйт – оқу жылының ұзақтығы өзгермей, үйреншікті тәртіп сақталып отыр.  Оқу жылы өзгеріссіз, қыркүйекте басталып, әдеттегідей 25 мамыр күні аяқталмақ. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1 – сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2 – 11 сыныптарда 34 оқу аптасы деп белгіленген. Каникулдар ұзақтығы  да өзгермейді. 1 -11 сыныптарда күзгі каникул – 7 күн, қысқы – 10 күн, көктемгі -13 күн болып белгіленді.

Осы  5 күндік оқу аптасын және каникул күндерін түсіндіру мақсатында мектебіміздің директоры  Нұржанова Люция Сәбитқызы және директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары Тайшаева Қарлығаш Жақсылық  қызы ата-аналармен жиналыс өткізді.

 

Жиналыстың мақсаты; жаңартылған білім мазмұны мен 5 күндік оқу аптасын тісіндіру болып табылады.


 

Ақпарлама

 

02.09.2017 күні Ақтау қаласы №17 ЖББ орта мектебімізде  «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты  Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты түрде аталып өтті.Жиын Қазақстан Республикасының Гимні  ашылды.Алғашқы қоңырау көркемдік жетекші Амзеева Айжамал музыкамен сүйемелдеді. Алғашқы болып мектебіміздің директоры Нуржанова Люция Сәбитқызы  шығып сөйледі.Мектеп директоры  оқу жылындағы мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері туралы  айтып өтті. 7-сынып оқушысы Әбілова Мадина «Мектебім, аяула мектебім» орындаса , 6-сынып оқушысы Утешева Әдемі орыс тілінде ән шырқады.

Келесі кезекте 11-сынып оқушысы Бақытов Дінмұхаммет пен Каракаева Диана мектеп табалдырығын алғаш аттағылы тұрған бүлдіршіндерге « Ақ жол» тілеп, құттықтау сөз сөйлеп, сәт-сапар тіледі. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 11-сынып оқушысы  Газизов Саламат пен бірінші сынып оқушысы Уалибаева Назеркеге берілді.

 

1-сынып оқушылары Білім әлеміне жетелейтін ұстаздарымен бірге, алғаш мектеп табалдырығын аттады.


 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы

2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттесттаттау бойынша өзгерістер енгізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық телеарнада тікелей эфирде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы жөнінде түсінік берді.

11 қараша күні ҚР БжҒ министрі Е.Сағадиев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары басшыларының қатысуымен онлайн режимінде селекторлық отырыс өткізіп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы түсінік бергіміз келеді.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны төмендегідей болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы;

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Алтын белгі үміткерлері білімдерін дәлелдеу мақсатында мектепте қорытынды аттестаттау тапсырады.

Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырады.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

1 блок:

Математикалық сауаттылық -  Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар).

Оқу сауаттылығы - Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.).

Қазақстан тарихы - Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Пәнді білу).

2 блок:

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән) – 1 бейінді пән:  20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.

2 бейінді пән: 20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.

Тестілеу уақыты – 3 сағат 30 минут.

Шекті балл - 50.

1) Баллды бағаға ауыстыру шкаласы:

Бейіндік пәндер бойынша

Баллдар

Пайызы

бағасы

0 – 29

0 – 49%

2

30 - 38

50 – 64%

3

39 -48

65 – 80%

4

49 - 60

81 – 100%

5

Математикалық және оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы бойынша

Баллдар

Пайызы

бағасы

0 – 9

0 – 49%

2

10 – 13

50 – 64%

3

14 – 16

65 – 80%

4

17 – 20

81 – 100%

5

ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,  математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).

Бейінді пәндер

Мамандықтар саны

1

Математика + физика

52

2

Математика + география

18

3

Тарих+ география

7

4

Биология + химия

22

5

Биология + география

12

6

Шет тілі + тарих

11

7

Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих

7

8

География + шет тілі

4

9

Химия + физика

5

10

Тарих + Адам. Қоғам. Құқық

4

11

Шығармашылық емтихан

33

Барлығы

175

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау         10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.

ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы.

2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.

«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

 

Ақпарлама

12.05.2017ж . күні  «№17 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де  ҚР Білім басқармасының  жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті.  Жиналысқа  мектеп әкімшілігі,  1-11 сыныптардың  ата-аналары және  Облыстық оқу әдістемелік  және қалалық білім беру орталығының  тәрбие бөлімінің жетекшісі Жарылғасова Қ  қатысты.  Жиналыс бұрынғы жиналыстардан өзгеше формада өткізілді. Жиналысқа келген  ата-аналар  қима қағаздарда жазылған тақырыптар бойынша әр  топқа бөлініп отырды.  Жиналысты өткізудегі жалпы мақсат-  мектепте құрылатын қамқоршылық кеңестің мектеп үшін, балалар үшін маңызы зор екендігін, тұрмысы төмен, асыраушысынан айырылған, көп балалы отбасыларға  демеушілік пен қайырымдылық қорының көмегі зор екендігін және қажеттігі, балалардың болашағы жарқын болу мақсатында  ҰБТ жаңа форматты  әрбір ата –ана білу маңызды екенін, 9-11 сынып бітіруші түлектерге тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігінің пайдалы жақтарын  «Мектебіңе кітап сыйла» акциясының  қажеттілігі туралы түсіндіру.  Жиналыстың күн тіртібінде қаралған мәселелер :

1. Мектептегі қамқоршылық кеңестің орны;

2. Демеушілік және қайырымдылық туралы;

3. ҰБТ жаңа формат;

4. 9-11 сынып бітіруші түлектерге тегін кәсіптік-техникалық білім беру;

5. «Мектебіңе кітап сыйла» акциясы;

6. 1 маусым  күні өтетін жалпыреспубликалық шеру;

 

Жиналыс « Болашақ мектеп» бейнеролигі көрсетіліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салудан басталды. Мектеп  директоры  Нуржанова Л.С  келген ата-аналарға  өткізіліп отырған жиналыстың  мақсаты туралы айтып өтті.  Әр мәселе бойынша   жауапты мұғалімдер өз баяндамаларын оқып,  ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.  Көтерілген мәселелер бойынша ата-аналар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Жиналыс соңында ата- аналармен  жиналыстың қалай өткендігі туралы,  айтылған мәселелерден не түсінгендерін, маңызы туралы пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, кері байланыс жасалды.



 

Бет 5 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>