Мектеп жаңалықтары

Спорт – денсаулық кепілі!

Елбасы Н. Назарбаев өзінің  жыл сайынғы халыққа жолдауында  « Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа бағалаған. Осы қағиданы берік  ұстанған  мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.  Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады.  Сондықтан спорттың  бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым  бағыттарының бірі.  Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала.»   - деп баса айтқан.

 

Осыған орай  Дүниежүзі денсаулық күніне орай Ақтау қаласында  « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бағытында « Біздің денсаулығымыз өз қолымызда! » атты  Денсаулық фестивалі өтті. Спорттық іс – шараға мемлекеттік қызметкерлер мен  студенттер, мектеп оқушылары, қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған фестивалге мектебіміздің  9 «В» сынып оқушысы Есеналиева Зада  қол күрес сайысы бойынша оқушылар арасында  3 – орын, жеңіл атлетикадан Шумаков Максим мен  Бокова Николина  3 – орындарға ие болды.

 

« Тәні саудың – жаны сау»

Адамзат өркениеті мен әр ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілуі барысында споттық шаралардың маңызы ерекше. Ғасырлар бойы олар үздіктерді анықтайтын спорттық бәсекеге, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен болып келеді.

 

Ақтау қаласы  №17 ЖББ орта мектепте « Денсаулық күндері »  аясында  қыркүйектің 13-15 аралығында « Отбасы-бақыт мекенім» атты  спорттан  іс-шаралар аталып өтті. Осы іс-шараға мектептің  дене шынықтыру  пәнінің мұғалімдері ат саласты. Атап айтар болсақ   теннистан 9 «Б»  сыныбы пән мұғалімі Куздибаев Мақсат.  «Көңілді старт»  5 «Г» және 5« Б»  сыныптары пән мұғалімі Чеснокова Ольга  және Куздибаев Мақсат өткізсе, «Дартстан»  6 «Г» сыныбы пән мұғалімі Мееров Рахмат  өткізді.


 

«Ұстаз мектептің жүрегі»

Мұғалім күні – бұл халықтың мерекесі. Өйткені  ұстаздан тәлім – тағылым алмаған жандар кемде-кем. Алғаш қолға қалам ұстатқан да, Әліппеден әріп үйреткен де ұстаз. Сондықтан да ұстаз еңбегі қандай сый- құрметке де лайық. Қазір еліміз қарқынды дамып келеді. Алдымызда өркениетті отыз елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осының өзі  ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктейді. Білімді де білікті ұрпақ қана заман талаптарына жауап бере алады. Орта білім беру жүйесінде табысқа жетудің  басты кепілі – кәсіби деңгейі жоғары, әлеуметтік тұрғыда белсенді қолдау тапқан мұғалім екені белгілі.Олай болса мұғалімдерді ынталандырып, олардың еңбегін кеңінен насихаттап отырудың маңызы ерекше.

 

Осыған орай мектебімізде « Ұстаз мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт аталып өтті. Мектебіміздің оқушылары  ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін көрсетті. Сахна төрінде әсем ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би мен қызықты көріністермен жалғасты. Ұстаздар өз шәкірттерінің өнерлеріне тәнті боп, мерекелік концерттен көңілді тарқасты!


 

Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу

Міне,жаңа оқу жылы да басталды. Биыл жалпы білім беретін мектептердің оқу үдірісінде жаңалық көп. Оның  бастысы- былтыр басталған жаңартылған білім жүйесіне көшудің жалғасатындығы. Биыл 2,5,7- сыныптар жаңа мазмұнға өтеді.Осы тұрғыда көп ата-ананың көкейінде « бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жүйемен оқыта берсе қайтеді, бәріміз де сонымен оқып-ақ адам болдық қой» деген ой тұрды. Алайда білім саласындағы мамандардың өз уәжі бар. Ғылым мен  технологияның қарқынды дамуы оқыту әдістеріне де түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Жаңартылған білім берудің басты ерекшелігі- оқытудың шиыршық жүйесімен жүргізілуі. Бұл дегеніміз мектепте  өткен тақырыптар 11 жыл бойы қайталанып, бала сыныпқа  көшкен сайын күрделеніп отырады.  « Жаңартылған білім жүйесі - сапаға бағытталған бағдарлама». Оқушыға сапалы білім беру ортасын  құра отырып,сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, тәжірбие жасау, жеке, жұппен және топпен жұмыс істей білу қарымын дамытуға көмектеседі. Осы тұрғыда мектебімізден «Жаңартылған білім мазмұнын жетілдіру» мақсатында Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтын   26 ұстаз арнайы курсын оқып, білімін жетілдіріп келді. Сол ұстаздарымыз мектебіміздің ата-аналарға түсіндіру жиналысын және жаңартылған білім беру жүйесі туралы   практикалық сабақтарын өткізді


 

«ЭКСПО - 2017»

Биыл бүкіл әлем көз тіккен Астанамызда «ЭКСПО - 2017» көрмесі есігін айқара ашқанын бәрімізге белгілі. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар қатысты. Салтанатты жиын барысында Президент «ЭКСПО – елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір» деп баға берді. – Біз ЭКСПО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп, Қазақ елінің ордасы айтулы көрмені әлемдегі 35 елдің қатарына қосылдық. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілейтін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы – Астана нағыз ХХI ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады, - деген болатын  Елбасы.

 

Астана үш ай бойы « Болашақтың энергиясы» ұғымымен тербеліп, Көрме тақырыбына сай  тамсандырды. ЭКСПО деп оянып, ЭКСПО деп күн батырған Қазақ елі тоқсан  күн бойы дүниежүзілік халықаралық көрмелер тарихында алтын әріппен жазылды. «  Бұл тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі болды. Бұл көрме Қазақстанның әлемге танылуы мен туристер үшін танымдылығын арттырды. Елімізге келген мәртебелі қонақтарға халқымыздың қонақжайлығын көрсете алдық. Біз болашақтың энергиясына қатысты бүкіл әлемнің тәжірбиесін өз жерімізде тоғыстырдық» деді Елбасы.

 

Бет 4 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>