Мектеп жаңалықтары

Қауіпсіз жол!

04.09.2014 жылы 5-7 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз жол!» «Абайла-бағдаршам» жедел-профилактикалық іс-шарасы және жас жол инспекторлар слеті өтті.

 

«Жайдарман - 2014» КТК лигасы

2014 жылдың 12 қыркүйек күні № 17 орта мектебінің «Тұлпар» тобы қалалық «Жас Ұлан» жасөспірім «Жайдарман - 2014» КТК лигасында «Үздік әзіл» номинациясымен марапаталды.

 

Профилактикалық кеңес

№ 17 орта мектеп инспекторы Б. Каримбаевтың басшылығымен 9-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кеңес өткізілді. Профилактикалық кеңесте нашақорлық, ішімдік, түнгі қаладағы балалар, мектеп формасы тақырыбында әңгімелер қозғалды

 

 

Денсаулық фестивалі

6 қыркүйекте «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл!» ұранымен Денсаулық фестивалі өтті. Мектеп алдында бірінші сабаққа 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен би-жаттығулары орындалды. Екінші сабаққа 1-11 сынып оқушылары арасында спорттық ойындар жүргізілді. Үшінші сабаққа 1-11 сынып оқушыларына «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл!» тақырыбымен сынып сағаты өткізілді. 9-10-11 сыныптан 20 оқушы «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл!» ұранымен Астана алаңында өткізілген флэшмобқа қатысты.

 

Волейбол бойынша жарыс

2014 жылдың 10 қыркүйек пен 12 қырқүйек аралығында № 17 орта мектеп спорт залында Волейбол бойынша балалар-жасөспірімдер арасында облыстық «Шұбар доп» - «Мектеп лигасы» турнирі өтті.

 

Бет 23 из 29

<< Басы < Өткен 21 22 23 24 25 26 27 28 29 келесі > Соңғы >>