Мектеп жаңалықтары

Ucmas (Юсимас) менталдық арифметика программасына сәйкес өткізілген XXII Халқаралық жарыстың пресс-релизі

10-11 желтоқсан 2017 жылы Малазияның Куала-Лумпур қаласында «Genting International Convenyion Centre» базасында Ucmas бағдаламасына сәйкес менталдық арифметика бойынша XXII Халқаралық жарыс өтті. Осы жылғы байқауда 45 әлем елдерінен 3000-нан астам бала қатысты. Бұл жарысқа барлық Қазақстан елінің аймақтарынан  Юсимас Халқаралық зияткерлік даму Академиясының студенттері қатысты, соның ішінде Ақтау қаласынан ек» өкілеттіктен 4 студен қатысты. Қазақстанның жас генийлері еліміздің абыройын сәтті қорғай алды. Тоғызы үздік атанды. Олар чемпионатта бірінші орындар алды. Оның ішінде Халқаралық зияткерлік даму академиясының Юсимас филиалының Ақтау қалалық студенті, сонымен қатар бірінші орынды иеленген - Ақтау қаласының №17 орта мектебінің  5 «А» сынып окушысы – Арыстан Орынгул . Біздің алтын жүлдегеріміз оқитын Ақтау қаласынла орналасқан Юсимас орталығының бастығы Сакенова Мейрамгуль  Шакировна, ал Орынгулді байқауға дайындаған нұсқаушысы – Абдреимова Карлыгаш Исаевна.  Ал біздің тағы бір студент үшінші орынды иеленіп, XXII  Әлемдік жарыстардың жүлдегері атанды. Бұл оқушы мамандырылған физика-математика мектебінің оқушысы -  Куспанов Ерсултан. Ол осы мектептің 5-ші «Д» сыныбында оқиды. Силханкызы Салтанат Силхановна – оның нұсқаушысы.

Екінші Ақтау филиалынан екі қатысу – Жахан Каратак және Жандос Ислам, екінші орынды иеленді.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!



 

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар және шәкірт жүрегіне гүл егер бала жанының бағбаны. Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы екені баршаға белгілі. Шәкірттерін құрыш болаттай шыңдай жүріп, ұстаз еңбегінің жемісі.

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымды ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық  етпейді. « Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктеп отыр. Өйткені, бүгінгі жахандану заманында дамудың биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз барген білімде. « Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - дейді дана қазақ. Сандаған шәкірт тәрбиелеп, жоғары информатика саласында өзіндік үлес қосып келе жатқан ұстаздардың бірі де бірегейі Кабденова Кама Утарбай қызы.  Ол  кісінің талай шәкірттері қалалық жарыстардан орын алғандары қаншама. Соның бірі  8 «В» сынып оқушысы Сапарғали Бекзат. Жалпы білім беретін орта мектептер арасында қалалық « Жас бағдарламашы» байқауында I орын, Облыстық « Жас бағдарламашы» байқауының  I орын иегері, жалпы білім беретін орта мектептер арасында қалалық « Ең үздік веб-сайт» байқауында I орындардан көрінді


 

Үштілділік – заман талабы

Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтіні ақиқат. Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік.  Көптілді меңгерген, өзін- өзі әлеументтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын тілін үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың « Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр.  Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірбие жүзінде іске асыру  бүгінде отандық мектептен  маманның шығармашылық өзін – өзі  жетілдіру саласын дамытуға,  мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсендігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде  енгізу бағытталған көптілді  білім беруді енгізуді талап етеді.

Қазіргі кезде маманның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: « Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қазет» - деп, Еуропадағы мептеп  оқушылары мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.

 

Осыны  ескерген  мектебіміздің директоры Нұржанова Люция Сәбитқызы  қаламыздаға әсерлі ағылшын тілін оқытатын « AURORA centre.kz » компаниясымен келісім шартқа отырып, мектеп оқушыларына  ағылшын тілін одан да жетік  меңгеруіне үлкен көмегін тигізді.  Қәзіргі таңда оқушыларымыз аптасына 3 рет, 3 топқа  бөлініп ағылшын тілін үйренуде.  Осы ағылшын тілін үйретен мұғалім шет елден келген маман.  Ол өзінің еліндегі әдіс – тәсілдерімен оқушыларымыздың қызығушылығын арттыруда.  Нағыз шет елдік маманнан  тіл үйрену  оқушыларымыз үшін ерекше болуда.

 

Мектептегі үйірмелер мен секциялар

Мектеп оқушылар арасында спортты жаппай дамыту – оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудың ең маңызды жағдайларының бірі. Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері оқушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс дамуына әсер ету, өмірде қажетті қимыл – қозғалыс дағдыларына үйретіп, дене, жігер және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу болып табылады.Мектепте спорт үйірмелері өздері қалаған спорт түрлерімен айналысатын оқушылар үшін құралады. Сонымен, мектептегі спорт дене тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады да, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан – жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғары спорттық  көрсеткіштерге жетуге талаптанып , дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады. Бүгінде мектебімізде  стол тенисі, футбол, баскетбол, волейболдан спорт  үйірмелерімен би және менталді арифметика  өтуде. Бұл дегеніміз оқушылардың спортқа не басқа да үйірмелерге қатысу арқылы  өздерінің денсаулықтары мен  рухани дамуына бірден – бір септігін  тигізеді.


 

Білікті ұстаз – білімді ұрпақ

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім  білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке кереге -  білімді, педагогика, методикадан хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім.

«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның  бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін  жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр дааңғарымпаз ақыл иесі..., мейілінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарыны да, жат адамдарына да әділ... жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп ұлы ойшыл, ғұлама, ұстаз Әбу Нәсір  Әл-Фалаби.

 

Биылғы жылы  біздің ұстаздарымыздың да жеткен жетістіктері де аз балған жоқ.  Мысалға айтар болсақ  Қалалық  тарих пәні олимпиядасынан  2 орынға ие болған  тарих пәні мұғалімі Сәрсенбаева Алия. Қалалық  « Мемлекеттік  тілдің үздік ұстазы»  сайысында 2 орын иегері  Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймағамбетова Алтынгүл.  Қалалық  « Жас маман - 2017» байқауынан  Қазақ тілі мен әдебиеті піні мұғалімі Мамедова Нүргүл  2 орын және ағылшын тілі мұғалімі Бисенова Ақмарал 3 орындарға ие болды.  Осындай  білімді де, білікті ұстаздарымызға зор денсаулық, жұмыстарына табыс тілейміз!


 

Бет 3 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>