Мектеп жаңалықтары

12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» қалалық ақпараттық науқан ақпарламасы

12-23 қараша арасында № 17 орта мектепте қалалық «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» науқаны өтті.Бұл науқанға байланысты шараларды мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасарлары Жарылғасынова Б.І және Нүсіпқожаев Қ.В ұйымдастырып, өткізуге арнайы мекемелер мамандарымен қатар 5-11 сынып жетекшілері де белсенді қатысты.Қалалық білім бөлімінің жоспарына қоса мектепішілік зорлық-зомбылыққа байланысты жоспар аясында мұғалімдер мен мектеп психологтары Ақбатырова Р.және Сәкенқызы А. 6 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» дөңгелек үстелін өткізу арқылы оқушылар арасындағы құқықбұзушылыққа бейім оқушылардың дұрыс жолмен жүріп, өздерінің балалық шақтарын қызықты да пайдалы істермен өткізу керек екенін түсіндірді.Өз кезегінде 6 сынып жетекшісі Маханова М 22 – қараша  күні  №17 жалпы білім беру орта мектебінде 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында пікірталас өткізді. Аталған іс-шараға салауатты өмір салтын сақтау орталығының мамандары  Демеген Әсем Найзабековна,Базарова Айжамал,директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Б.И.Жарылгасынова , Нусипқожаев Қ.В.және аталған сыныптардың сынып жетекшілері қатысты.
Орталық мамандары жеке бас гигиенасы туралы көптеген мәліметтерді дәлел келтіре отырып, бейнебаяндар көрсетті. Оқушыларға сұрақтар қойылып, керісінше оқушылар мамандарға сұрақ қоя отырып, кері байланыс  жасалды. Пікірталас барысында қолды, денені жуу ережесімен танысып, жаттығулар жасалды, сергіту сәттері орындап қана қоймай тәртіп пен тазалықтың оқушылар үшін маңызды екені атап көрсетілді. 
Пікірталас соңында оқушылар өздері дайындап келген өлеңдері мен көріністерін көрсетіп, бүгінгі өткізілген  «Жеке бас гигенасы» тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытты. Алдағы уақытта жеке бас гигиенасын қатаң сақтайтынын, тәртіпті болуға бет бұратындықтары жайлы айтылып, пікірталас қорытындыланды.

Бастауыш сынып мұғалімдері «Бақытты отбасы» фотоконкурсын,7-9 сынып жетекшілері «Ұрпақтар арасындағы диалог» тақырыбы аясында ардагерлер кеңесінің мүшесі Б.Қонақбаевпен кездесудегі басты мақсат отбасындағы басты құндылықтар адамгершілік пен ауызбіршілікті сақтай отырып ,балалардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу екенін ұмытпай,өскелең ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамаулары керек екенін атап көрсету,айту. Қыз балалар арасында гинеколог маманның қатысуымен 8 сынып жетекшісі Джуматова А. «Ерте жыныстық қарым –қатынас зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізсе,мектеп инспекторы мен полиция майоры С.Чудабаевтың қатысуымен ата-аналар арасында «Отбасылық зорлық-зомбылық» тақырыбында кездесу өткізіп,мектеп кітапханасында директор Нуржанова Л.С ұжымның құқықтық сауатын одан әрі молайту мақсатында  нормативтік-құқықтық әдебиеттермен таныстырды.


 

04.10.2018. Мектеп өмірінен суреттер


 

04.10.2018. Мектеп қаржысының игерілуі

Жоспардың орындалуы жөніндегі есепті жүктеп алу


 

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Құрметті ұстаздар! Бәріміздің  көптен  күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!  Ұлыстың Ұлы күні аталған  Наурызда  еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман –есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен,  осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Наурыз   мерекесіне орай  №  17 орта мектепте « Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты  мерекелік шара  аталып  өтті.  Бұл  шараға  мектептің  пән  мұғалімдері, шағын  балабақша  мен  кіші  қызметкерлері    қатысты.  Мерекені алғашқы боп  мектебіміздің  мың бұралған  бишілерімен  ашылды.  Ары  қарай  қазағымыздың  салт – дәстүрлерімен  жалғасын  тапты. Мысалға  кіші  қызметкерлер « Сырға салу» салты бойынша көрініс көрсетсе, келесі кезекте « Құдалықты»  орыс тілі мен әдебиет  пәні  бірлестіктері  жалғастырды.  Бастауыш  бірлестігі  әуелетіп  ән  шырқаса, дене және көркем өнер  бірлестігі  ұлттық биіміз « Қара жорға»  биін  керемет  билеп  шықты. Мерекелік  шараның  көркін  қыздырған  ағылшын  пәні  бірлестігі болды. Бұл бірлестік   атақты  асаба  Жолдасбаев  Мұратбек  Жауынбек ұлын  арнайы  шақыртып  « Беташар»  дәстүрін  дүркіретіп  әсем әнмен  ұстаздардың  көңілін  бір  көтерді.  « Бесікке салу»  ырымын  қазақ  тілі мен  әдебиет  пәні  бірлестігі  көрсетсе,  « Тұсау  кесер»    биология  және  география   бірлестігі  көріністерін   әдемі  көрсетіп,  бұл  салт – дәстүрлеріміз  ата – бабамыздан  келе жатқан  құндылықтарымыз, оны  одан  әрі  келешек  ұрпақтарымызға  асыл  мұра  ретінде  көрсете  білу  боп   саналады.  Кеш  соңында  би  билеп,  естелікке  суретке  түсті.

 

Анаға сәлем!

Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы  алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр. Ана - тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі – ана сүті. Осыған орай  мектебімізде « Анаға сәлем» атты мерекелік  кеш аталып өтті.  Мерекелік кешті директорымыз Нұржанова Люция Сәбитқызы өз құттықтау сөзімен бастап, мектебімізде ұзақ жыл еңбек еткен, көп балалы аналарға алғыс хаттар табыс етті.  Кешімізді әрмен қарай  күмбірлеген күймен, әуелеген әнмен, мың құбылған бимен жалғастырды.

 

Бет 1 из 29

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>