Мектеп туралы

Мектеп туралы

 

Ақтау қаласының 13  шағын  ауданында орналасқан №17 орта мектеп, осы қаладағы ең алғашқы мектептің бірі болып саналады. Аталмыш мектеп 1987жылы 1-қыркүйекте  ашылды. Алғашқы ашылған бұл мектепке, 1987-2003 жылдары тәжірибелі мұғалім, іскер басшы Фролова Римма Викторовна басшылық жасады. 2003-2005 жылдары тәжірибелі мұғалім Аманова Баян Төлеевна басшылық жасады.2005-2008 жылдары тәжірибелі мұғалім Таласбаев Арыстанбек Джоламанович басшылық етті. 2008-2010 жылдары тәжірибелі мұғалім Кабдрахманова Мереке Мендибаевна басшылық етті.2010 жылдан бастап тәжірибелі мұғалім Кадралиева Бибіхан Хатауевна басщылық етті. Қазіргі  уақытта 2015 жылдын қазан айынан бастап Нұржанова Люция Сабитовна басшылық етуде.     №17 орта мектепте  901 оқушы оқиды, 49 сынып – комплектісі бар, 90 мұғалім еңбек ететін, 6 компьютер сыныбы мен лингафонды-мультимедиялық кабинеті жұмыс жасайтын үлкен білім ордасы. Соңғы кездері заман талабына сай ағылшын тіліне арналған лингафон-мультимедиялық сыныбы іске қосылған.

Жылдан - жылға оқушылардың да алатын білім сапасы жақсарып, соның нәтижесінде мектеп түлектері қала, облыс көлеміндегі мектеп оқушылары арасындағы пәндік олимпиадалардан жүлдегер болып оралып жүр. Сонымен бірге өз пәндерінің білгір мұғалімдері  Ходжанепесова А, Айджанова К, Гонторенко С, Гордиенко Л, Шамуратова С, Жолдасбаева Л, Култумаева Р, т.б. сияқты ұстаздар еңбек етуде.

1987 жылы алғаш мектеп ашылғаннан бастап, осы мектепте оқып білім қайнарымен сусындаған мектептің бір топ алғыр түлектері, бүгінде Маңғыстаудың экономикасы мен мәдениетін көтеруде жан аямай еңбек етіп жүр. Олардың қатарында Гришин Максим, Шаугенов Адель, Закаряева Алмагуль, Құлжан Мерей, Төребек Айжамал, Тезекбай Анар, Тулюлюк Елена есімдерін мақтанышпен атауға болады.

Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ, олардың білімді де білікті жан-жақты жетілген, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол саналы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты, сондықтан да, мұғалім мектептегі басты тұлға. Мұғалімге артылар сенім жүгі соншалық ауыр әрі ұлағатты ұлы жол. Өйткені ұрпақ тағдыры – еліміздің ертеңгі тағдыры осынау жауапкершілігі мол жұмысты  № 17 орта мектеп мұғалімдері мойымай көтеріп, міндеттерін абыройлы атқарып келеді.