« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Құрметті ұстаздар! Бәріміздің  көптен  күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!  Ұлыстың Ұлы күні аталған  Наурызда  еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман –есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен,  осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Наурыз   мерекесіне орай  №  17 орта мектепте « Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты  мерекелік шара  аталып  өтті.  Бұл  шараға  мектептің  пән  мұғалімдері, шағын  балабақша  мен  кіші  қызметкерлері    қатысты.  Мерекені алғашқы боп  мектебіміздің  мың бұралған  бишілерімен  ашылды.  Ары  қарай  қазағымыздың  салт – дәстүрлерімен  жалғасын  тапты. Мысалға  кіші  қызметкерлер « Сырға салу» салты бойынша көрініс көрсетсе, келесі кезекте « Құдалықты»  орыс тілі мен әдебиет  пәні  бірлестіктері  жалғастырды.  Бастауыш  бірлестігі  әуелетіп  ән  шырқаса, дене және көркем өнер  бірлестігі  ұлттық биіміз « Қара жорға»  биін  керемет  билеп  шықты. Мерекелік  шараның  көркін  қыздырған  ағылшын  пәні  бірлестігі болды. Бұл бірлестік   атақты  асаба  Жолдасбаев  Мұратбек  Жауынбек ұлын  арнайы  шақыртып  « Беташар»  дәстүрін  дүркіретіп  әсем әнмен  ұстаздардың  көңілін  бір  көтерді.  « Бесікке салу»  ырымын  қазақ  тілі мен  әдебиет  пәні  бірлестігі  көрсетсе,  « Тұсау  кесер»    биология  және  география   бірлестігі  көріністерін   әдемі  көрсетіп,  бұл  салт – дәстүрлеріміз  ата – бабамыздан  келе жатқан  құндылықтарымыз, оны  одан  әрі  келешек  ұрпақтарымызға  асыл  мұра  ретінде  көрсете  білу  боп   саналады.  Кеш  соңында  би  билеп,  естелікке  суретке  түсті.