Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы!

Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы!

Киелі атамекенімізге көз алартқан  жау халқымыздың басынан « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманын орнатып, «Елім -айлатып» еңіретіп, етегін жасқа толтырған,  Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері тарих қойнауына сіңіп, аластап бара жатса да еске түскенде жүрек сыздататындығы рас. Көтеріліс аяусыз басып – шаншылды. Бүкіл халыққа « ұлтшыл» деген айып тағылып, сенімсіздік көрсетілді. Бірақ желтоқсанда алаңға шығарған, ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген ұлт – азаттық идея рухы жығылмады. Желтоқсан – бабаларымыз бастаған ұлт – азаттық көтерілістерінің заңды жалғасы болып табылды.

Тәуелсіздік! Ұлт үшін, халық үшін бұдан асқан құндылық болмас. Тәуелсіз, дербес өмір сүру- әр елдің арманы. Біз, Қазақ елі, осы асыл мұрат – мақсатымызға осыдан жиырма алты жыл бұрын жеттік. Қазіргі таңда ұзақ жылдар аңсап, күткен Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында іс – қимыл танытудамыз. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан дүниежүзіне танымал елге айналды. Осының бәрі Тәуелсіздігіміздің, Елбасының сындарлы саясатының жемісі. Тәуелсіздік туы қолымызда берік тұрған жағдайда біз алмайтын асу, біз жеңбейтін қиындық болмайтыны анық.

Желтоқсан  қаһармандарын еске алу мақсатында « Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.  Алғашқы сөз кезегін директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Асанова Гүлмира ашып, желтоқсаншылар халқымыздың басын түскен сол бір ауыр да сын сағаттар туралы әңгіме шертіп, бірқатар тарихи – танымдық тұрғыдан ақпараттар мен мағлұматтар беріп өтті. Содан кейін сөз тізгінін қолына алған оқушылар бірінен соң бірі сахна төріне шығып, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік жайлы өлеңдерін толғана оқи жөнелді. 11 «А» сынып оқушылары « Желтоқсан желі»  өлеңін хормен орындаса, 8 «А» сынып оқушылары  сол бір қаһарлы күн туралы сахналық көрініс көрсеткенде көрермендерден күңіренген жан қалмады. Кеш баршаның сүйіктісіне айналған « Атамекен» әнімен аяқталды.

Ұстаздар қауымы оқу үдірісінде кешегі күннің ызғарлы оқиғасын оқушылардың санасына сіңіріп, бұл күнге қалай қол жеткізгендігіміз туралы айтудан жалықпаймыз