Өнерлінің өрісі кең

Өнерлінің өрісі кең

« Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра » деп бекер айтылмаса керек. Өйткені төрінен орын беріп, іліп қоятын қара домбыра халқымыз үшін қашанда қасиетті саналған. Ал қос ішекті күмбірлетіп, қуанышы мен қайғысын, мінезі мен тектілігін, бар болмысы мен жан дүниесін көрсете отырып, төгілте шертіп салатын күйді ата – бабамыз әрдайым ұрпағына мұра етіп қалдырған.  Қазақ десе домбыры, домбыра десе қазақ, ал күй десе қазақ та, домбыра да еске түседі. Шынымен- ақ қазақ пен күй деген сөз – бір ұғым. Өйткені, күй қазақтың ішкі жан дүниесінің, арман – мүддесінің, болмысының сыры.Үні. Дауысы. Күй – мыңдаған ұлт, ұлыстардың ішінде тек қазаққа ғана тән өнер, қасиет. Қазақ халқы атадан балаға жеткен күй өнерін көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынаға айналдырды. Бұл мұра  ғасырдан ғасырға  іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен. Халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған асыл қазынасы. Ал бүгінгі ұрпақтың  сол байлықты, асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап қана қоймай, бойына сіңіруді қуантады. Соның бірі  мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Төребек Бейбіт Алматыда өткен  Республикалық Фестиваль- конкурс « Қысқы ертегі Алматы - 2018 » байқауының  бас жүлдесін жеңіп алды. Осындай жастайынан қара домбырыны серік еткен өскелең ұрпақтарға « Өнерің өрге жүзсін демекпіз»