«Ұстаз мектептің жүрегі»

«Ұстаз мектептің жүрегі»

Мұғалім күні – бұл халықтың мерекесі. Өйткені  ұстаздан тәлім – тағылым алмаған жандар кемде-кем. Алғаш қолға қалам ұстатқан да, Әліппеден әріп үйреткен де ұстаз. Сондықтан да ұстаз еңбегі қандай сый- құрметке де лайық. Қазір еліміз қарқынды дамып келеді. Алдымызда өркениетті отыз елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осының өзі  ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктейді. Білімді де білікті ұрпақ қана заман талаптарына жауап бере алады. Орта білім беру жүйесінде табысқа жетудің  басты кепілі – кәсіби деңгейі жоғары, әлеуметтік тұрғыда белсенді қолдау тапқан мұғалім екені белгілі.Олай болса мұғалімдерді ынталандырып, олардың еңбегін кеңінен насихаттап отырудың маңызы ерекше.

 

Осыған орай мектебімізде « Ұстаз мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт аталып өтті. Мектебіміздің оқушылары  ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін көрсетті. Сахна төрінде әсем ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би мен қызықты көріністермен жалғасты. Ұстаздар өз шәкірттерінің өнерлеріне тәнті боп, мерекелік концерттен көңілді тарқасты!