Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу

Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу

Міне,жаңа оқу жылы да басталды. Биыл жалпы білім беретін мектептердің оқу үдірісінде жаңалық көп. Оның  бастысы- былтыр басталған жаңартылған білім жүйесіне көшудің жалғасатындығы. Биыл 2,5,7- сыныптар жаңа мазмұнға өтеді.Осы тұрғыда көп ата-ананың көкейінде « бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жүйемен оқыта берсе қайтеді, бәріміз де сонымен оқып-ақ адам болдық қой» деген ой тұрды. Алайда білім саласындағы мамандардың өз уәжі бар. Ғылым мен  технологияның қарқынды дамуы оқыту әдістеріне де түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Жаңартылған білім берудің басты ерекшелігі- оқытудың шиыршық жүйесімен жүргізілуі. Бұл дегеніміз мектепте  өткен тақырыптар 11 жыл бойы қайталанып, бала сыныпқа  көшкен сайын күрделеніп отырады.  « Жаңартылған білім жүйесі - сапаға бағытталған бағдарлама». Оқушыға сапалы білім беру ортасын  құра отырып,сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, тәжірбие жасау, жеке, жұппен және топпен жұмыс істей білу қарымын дамытуға көмектеседі. Осы тұрғыда мектебімізден «Жаңартылған білім мазмұнын жетілдіру» мақсатында Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтын   26 ұстаз арнайы курсын оқып, білімін жетілдіріп келді. Сол ұстаздарымыз мектебіміздің ата-аналарға түсіндіру жиналысын және жаңартылған білім беру жүйесі туралы   практикалық сабақтарын өткізді