Ақпарлама

Ақпарлама

11.04.2017ж  Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер  көрме-байқауы өткізілді. Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауы №17 орта мектепте өткізілді. Көрме байқауға әр мектептен ережеге сәйкес мектепішілік іріктеуден өткен жұмыстар тапсырылды.Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер  көрме-байқауының әділ-қазылар алқасы таныстырылды. Көрме байқауға келесі номинациялар бойынша әр мектептен 7 жұмыс қабылданды: тоқыма дайындау, ағашты,сүйекті көркемдеп өңдеу, шыныны көркемдеп өңдеу, металлды көркемдеп өңдеу, саздан халық ойыншықтарын жасау, ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау, қағаздарын бұйымдар жасау. Қалалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауында II,III орындар алғаны үшін № 17орта мектептің 8,11 сынып оқушылары марапатталды. Барлық қатысқан қатысушыларға I,II,III орындар және де алғыс хаттар беріліп, оқушылардың жұмыстары марапатталды.