«22 наурыз- Ұлыстың Ұлы күні!» мерекелік шара ақпарламасы

«22 наурыз- Ұлыстың Ұлы күні!» мерекелік шара ақпарламасы

17.03.2017ж. «22 наурыз-Ұлыстың Ұлы күні!»  атты 1-11 сынып оқушыларымен мерекелік шарасы  өткізілді. Мерекелік шараға 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т  қатысты. Мерекелік шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т шараға қатысушыларды, оқушыларды, ұстаздарды құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. Оқушылар «22 наурыз- Ұлыстың Ұлы күні!» мерекесі қарсаңында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды..Әрбір сынып оқушылары қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарды насихаттау барысында шағын көріністер көрсетті.Түрлі ұлттық ойындар көрсетілді.Мерекелік шараға 8 а сынып оқушы Төребек Бейбіт өзінің орындауындағы тамаша күйді ұсынды. Сонымен қатар 6 а сынып оқушысы Нұрбаева Гүлден «Наурыз» әнін орындады.7 в сынып оқушылары мың бұралған бишілерімен көрермен көңілінен шықты. Өнерлі оқушыларымыз өздерін жан-жақтан танытып,өз өнерлерін паш етті.