«Амал келді,жыл келді» мерекелік шара ақпарламасы

«Амал келді,жыл келді» мерекелік шара ақпарламасы

14.03.2017ж «Амал келді,жыл келді» атты 1-11 сынып оқушыларымен мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шараға 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т  қатысты. Мерекелік шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т шараға қатысушыларды, оқушыларды, ұстаздарды келген Амал мерекесімен  құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. «Амал келді,жыл келді» мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымы мен оқушылар төс қағыстырып, қол алысып, көрісіп жатты. Оқушылар «Амал келді,жыл келді» атты мерекелік шарасында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Түрлі қазақтың ұлттық ұлттық ойындары көрсетілді.Мерекелік шараға 9б сынып оқушы Әбіл Ақсауыт өзінің орындауындағы тамаша күйді ұсынды. 6 в сынып оқушылары мың бұралған бишілерімен көрермен көңілінен шықты. Өнерлі оқушыларымыз өздерін жан-жақтан танытып,өз өнерлерін паш етті.