01.03.2017. «1 наурыз-алғыс айту» іс шарасы ақпарламасы

01.03.2017. «1 наурыз-алғыс айту» іс шарасы ақпарламасы

01.03.2017ж.бастап «1 наурыз-алғыс айту» атты 1-11 сынып оқушыларымен мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шараға 1-11 сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т қатысты.Мерекелік шарағадиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т шараға қатысушыларды, оқушыларды, ұстаздарды құттықтап, мектеп ұжымына алғысын білдірді. Оқушылар «1 наурыз-алғыс айту» мерекесіне орай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,тақпақтар айтып өзара жарысты. Оқушылар сынып жетекшілеріне,пән мұғалімдеріне өз алғыстарын айтып,тілектерін білдірді. Мерекелік шараға 8 а сынып оқушы Төребек Бейбіт өзінің орындауындағы тамаша күйді ұсынды. Сонымен қатар 6 а сынып оқушысы Нұрбаева Гүлден «Ана» туралы әсем ән орындады.7 в сынып оқушылары мың бұралған бишілерімен көрермен көңілінен шықты. Өнерлі оқушыларымыз өздерін жан-жақтан танытып,өз өнерлерін паш етті.«1 наурыз-алғыс айту» мерекесіне орай мектеп акция жүрзілді.Әр сынып оқушылары өз ұстаздарын құттықтауға ниеттерін білдіріп,алғыс хаттарын жәшікке салды.Сонымен қатар мектебіміздің жас маман мұғалімдері де өздерінің жетекші ұстаздарына, әріптестеріне,оқушыларға деген изгі ниет тілектерін, алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.