30.01.2017. «Ғылыми жобалар сайысы» ақпарламасы

30.01.2017. «Ғылыми жобалар сайысы» ақпарламасы

30.01.2017ж.«Ғылыми жобалар сайысы» өткізілді. Ғылыми жобалар сайысына 5-11 сынып оқушылары қатысып, өз жобаларын қорғады. Ғылыми жобалар сайысыбиология және химия пәні бірлестігі мұғалімдері ұйымдастыруымен өткізілді. «Жас зерттеуші» ғылыми практикалық сайысына оқушылар биология, география, химия,әдебиет, физика пәні бағыттары бойынша қатысты. 11 А сынып оқушысы Асанова Азиза «Жантақ шөбінің емдік қасиеттері» атты жобасын қорғады.Сағытай Сымбат 8 б сынып оқушысы «Балшықтың емдік қасиеттері», Сәлімгерей Әділет 8 а сынып оқушысы «Әбіш шығармасындағы жер-су аттары» атты тақырыптағы өз жобаларын қорғады. Конференция соңында өз жұмысын жақсы қорғаған оқушылар марапатталды.Жетекшілері де марапатталды. Ғылыми жобалар сайысының орындалысы жайында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева З.Т өз бағасын берді.Оқушылар мақсаттарына жетіп,өз білімдерін шыңдай түсті.

Орындаған:Жолдыбаева З.Т.