Алтын ұя, мектебім» салтанатты жиыны

Алтын ұя, мектебім» салтанатты жиыны

«Алтын ұя, мектебім» салтанатты жиыны

01.09.2016ж. № 17 жалпы білім беру орта мектебінде білім күніне арналған «Алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиын өтті. 11 сынып оқушылары мектеп алаңының төріне  Қазақстан Республикасының Туын алып кіріп, еліміздің Гимні орындалумен басталды. Мектеп директоры Нуржанова Люция Сабитовна барлық жиынға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, «Алтын ұя, мектебім» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялады. Жиынға мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушылар, олардың ата-аналары және 11 сынып оқушылары жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Салтанатты жиыннан соң оқушылар «Мен – өз елімнің патриотымын» атты бірінші ашық сынып сағаттарына шақырылды.