Білім күні

Білім күні

1 қыркүйек Білім күніне орай Қазақстан жолы 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты салтанатты жиынымыз өтті. Мерекеміздің ашылу салтанаты мектеп директоры Б.Х. Кадралиеваның жылы лебізімен басталды. Салтанатты жиынымыздың қонағы болып қалалық білім үйлестіріру орталығының ағылшын тілі пәні әдіскері Д.Қ. Садыкова мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ө.С. Бисақаев келді. Н.П. Павлованың, В.М. Сахапованың басшылығымен спорттық және гимнастикалық би ұйымдастырылды. 11 сынып оқушысы Беймағанбетова Жұлдыздың орындауында «Туған ел» әні шырқалды.